Қымбат Досжан бельгиялық әйел Жәнібекті қалай сатып алғанын айтты
Журналистің айтуынша, балалар үйінің қызметкерлері мен перзентханадағы дәрігерлерде бума-бума ақша болған.
Журналист Қымбат Досжан «Сұрауы бар» YouTube арнасына сұхбат беріп, Жәнібекті сатып алған әйелдің оқиғасын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бағдарлама жүргізушісі «Жәнібекті асырап алған ата-анасы белгілі бір адамдарға ақша бергенін айттыңыз. Сол сияқты жағдайлар бар ғой» деген сауал қойды. Ол сауалға:
«Жәнібекті асырап алған азаматша Бельгияда отырып-ақ, өзінің электронды поштасына Жәнібектің суреті, оның мәліметі туралы көріп-біліп, ешқандай ауруы жоқ екенін, сүйкімді, әдемі бала екенін көріп келген. Келгенде «Жәнібекті аламын» деп келген. Келгенде қалтасында біздікілердің айтқан сомадағы ақша болған. Сол ақшаны алып келіп, оны бір кісіге берген. Бірден. Қолма-қол. Ол анық. Бірақ кімге бергені, қанша бергені әзірге айтылмайды. Ол ертең шығады. Бұл жерде мен ұйымдасқан қылмыс туралы айтып тұрған жоқпын», — деді Қымбат Досжан
Сондай-ақ журналист балалар үйінің қызметкерлері мен перзентханадағы дәрігерлерде бума-бума ақша болғанын айтты. Оның ойынша, олар балаларды сатқан ақшасымен байыған.
ОтветитьПереслатьДобавить реакцию |