Арналған ақпарат

«Қазақстан – жетімі жоқ ел» ең алдымен жетім балаларға мемлекеттік қамқорлық көрсетудің қазақстандық жүйені өзгерту мақсатында ойластырылған. Ол сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмектеседі, өйткені біздің еліміздегі әрбір бала сүйіспеншілікке толы отбасында өсіп, тәрбие алуға құқылы.

2006 жылдан бастап біз үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, мемлекеттік қорғаншылық саласындағы заңнаманы өзгерту бойынша белсенді жұмыс атқардық. 2012 жыл біздің Қор үшін маңызды болды – біз Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесе отырып, отбасына мұқтаж балалардың дерекқорын жасадық.

Құпия деректерді ашпай-ақ бірегей база әлеуетті ата-аналарға қай балалар үйінде отбасына мұқтаж тәрбиеленушілердің бар екенін білуге мүмкіндік береді. Бұл идеяны жүзеге асыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетті, өйткені бұрын балалар туралы ақпарат толығымен жабық болып, жалпы статистикалық көрініс бермеген.

Уақыт өте келе деректер базасы жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына асырап алғысы келетіндердің республикалық деректер банкіне (РДБ) айналды. Осы электронды жүйеде кім отбасына бала асырап алғысы келетінін көруге болады.

Біздің келесі қадамымыз – Қазақстанда кәсіби патронаттық отбасылар институтын енгізу.  Біз «Ана үйі» қорының әріптестерімен және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен бірге осы реформаға бастамашылық жасадық. 2023 жылдың қазан айында заң жобасы Парламент Мәжілісінің талқылауына шығарылды. «ДОМ» қоры басқа ҮЕҰ-мен бірге Мәжілістің жұмыс тобында үнемі белсенді қатысады.